Африканың 11 мемлекетінен келетін шетелдіктердің Қазақстанға келуі шектеледі
Коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеу іс-шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
«Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші - Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу, - деді бірінші вице-министр.
Одан бөлек, «Омикрон» анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестілеу енгізіледі.
Үшіншіден, «Омикрон» анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.