Halyq Uni логотип
×

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы өкімге қол қойды

 Дәурен Ерболат 11.01.2023 | 16:35

Биыл 13 қаңтарда Астанада Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астанада шақырылсын, –  деп жазылған өкімде.

Еске салайық, бұған дейін президент 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтетінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама