Былтыр 1 миллион адамға қажылыққа баруға рұқсат берілген
Сауд Арабиясы қажылық сапарға пандемияға байланысты қойылған шектеулерді алып тастайды.
Al Arabia порталының хабарлауынша, Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі COVID-19 індетіне байланысты биылғы қажылықты ұйымдастыруға қойылған шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр.
Қажылыққа барушылардың саны коронавирустық пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады, жас шектеулері болмайды, – деді осы елдің Қаржы министрі Тавфик әл-Робиа.
Пандемияға дейін 2019 жылы 2,6 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеген. Алайда 2020 және 2021 жылдары пандемия кезінде енгізілген шектеулерге байланысты қажылыққа барушылар саны азайды. 2022 жылы 1 миллион адамға қажылыққа баруға рұқсат берілген.
2022 жылы 18-65 жас аралығындағы, толық екпе алған немесе коронавирусқа қарсы иммунитеті бар, созылмалы ауруы жоқ адамдар ғана қажылық парызын өтей алды. Қазір бұл шектеулер жойылып жатыр.