69 жолаушы Өзбекстанның азаматы болып шықты
Бүгін Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан 20 шақырым жердегі «Самара-Шымкент» тас жолының 1 153-шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар автобусы жүрмей қалып, 41 адам құтқарылды.
Боранның кесірінен автобус жүрмеген соң Қазақстанның 3 азаматы мен Өзбекстан Республикасының 38 азаматы Ырғыз ауылындағы орта мектепке орналастырылды. Қазір олардың жағдайы қалыпша.
Сондай-ақ бүгін Түркістан облысының Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» тас жолының 968-шақырымында тағы бір жолаушылар автобусынан адамдар құтқарылды. Автобус Қарабұтақ кентінен 2 шақырым жерде тұрып, ауа райының қолайсыздығынан әрі қарай жүрмей қалған. Автобуста Өзбекстан Республикасының 31 азаматы болған. Олар Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық департаменттер күні бүгінге дейін азаматтарға аязды күні және боранда жолға шықпауды ескертіп келеді.