Ресми дерекке қарағанда, 7 желтоқсаннан бастап барлығы 37 адам вирустан қайтыс болған
Қытайда пандемияға қарсы қатаң шектеулер алынып тасталғаннан кейін COVID-19-бен күрес қайта жалғасып жатыр. Елдің бірнеше қаласында крематорийлер мен жерлеу бюролары көбейіп, мәйіттерге орын болмай жатыр, деп хабарлады Edition.cnn.com.
Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, желтоқсанның соңы мен қаңтар айының басында Maxar түсірген суреттерде Бейжіңнің шетіндегі жерлеу бюросы көрсетілген. Ал CNN түсірген фотосуреттерде Куньмин, Нанкин, Чэнду, Таншан мен Хучжоудағы жерлеу бюросында кезек күтіп тұрған автомобильдер кезегі түсірілген.
CNN-нің дерегіне қарағанда, Бейжіңде қайтыс болғандарды сақтау үшін пайдаланылатын қосымша уақытша нысан ашылған. Өйткені мәйіттер жатқан сары қапшықты қызметкерлер өңдеп үлгермей жатыр. Ал марқұмдардың жақындары мәйіттерді жерлеу немесе өртеу үшін бірнеше күн күтетінін айтады. Қытай билігі COVID-19-дан қайтыс болғандардың санын да азайтып көрсетіп жатыр. Ресми дерекке қарағанда, 7 желтоқсаннан бастап барлығы 37 адам вирустан қайтыс болған. Бейресми мәліметте аурудан көз жұмғандардың саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін.