Украина армиясы Днепрдің арғы бетіне өтуге дайындалып жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Өзеннің Херсон қаласы жанындағы бөлігінде кескілескен ұрыс қимылдары жалғасып жатыр

фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштері Каховка су қоймасы маңында Днепр өзенінің сол жағасына өтуге дайындалып жатыр. Бұл туралы The Moscow Mews хабарлады.

Ресей әскері басып алған Запорожье облысы оккупациялық билігінің басшысы Владимир Рогов осындай шұғыл хабар жеткізді.

Соңғы кездері Днепр бірден тартылып қалды. Оның тартылуы бекер емес. Осының өзі украин әскерлерінің Каховка су қоймасы маңайынан Днепрді кешіп өтуге дайындалып жатқанын білдіреді. Алайда десанттың барып түсетін бағыттарының бірі Энергодар мен Запорожье АЭС-і болуы мүмкін, – деп ескертті Рогов.

Бұған украинның «Энергодар» компаниясының президенті Петро Котиннің Еуропадағы аса ірі атом электр станциясы – Запорожье АЭС-ін Ресей басқыншылары қол астынан тездетіп күштеп қайтарып алуға шақыруы да себеп болып тұр.

Негізі Украина Қарулы күштерінің желтоқсанда әскер қатарына шақырылғандарды Днепрден өтуге дайындап жатқаны рас көрінеді. Ал қазір Украина армиясы мен Ресей әскері Днепр өзенінің Херсон қаласы жанындағы бөлігінде орналасқан Үлкен Потемкин аралы үшін кескілескен ұрыс қимылдарын жасап жатыр. Оны алса, украиндар бұл жерді өзеннің сол жағасына өтетін өткел ете алады.