Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шетелдегі елшілерді тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Осылайша, президенттің жарлығымен:
Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстанның Испаниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.