×

Қарағанды-Жезқазған арасындағы күре жолда ақбөкендер оңтүстікке жосып жатыр

Адам мен жануарға жолдың қай учаскесі қауіпті екенін анықтап, сол жерлерге жылдамдықты шектейтін белгі қою қажет

 Еркеғали Болатұлы 11.01.2023 | 11:45
фото: ашық дереккөз

Қарағанды мен Жезқазған арасындағы күре жолда жүздеп жосып жүрген ақбөкендер көзге жиі ұшыраса бастады. Себебі олар «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» дегендей, қатты аяздан ығып, оңтүстікке қарай бет түзеген.

Соңғы уақытта желіде таралаған бейнежазбаларды ел қызыға қарайтын болды. Мамандардың айтуынша, браконьерлермен күрес өз жемісін берген. Соңғы 10 жылда киік саны 13 есе артыпты.

Міне, қазір орталықтағы қардың бетіне мұз қатқан соң, киіктер оңтүстік өңірлерге төтесінен тартып жатыр. Олар қатары қалың болса, қатты үрке қоймайды екен. Бірақ мұнысы өздеріне де, тас жолдағы көліктерге де қауіп төндіреді.

Біз қазір адамға да, жануарға да жолдың қай учаскесі қауіпті екенін анықтап жатырмыз. Сол жерлерге жылдамдықты шектейтін белгі қою қажет. Жезқазған-Қарағанды тас жолына келесі жылы күрделі жөндеу жүргізіледі. Сол кезде осы ұсынысты ескеру керек, - дейді Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының бас маманы Альберт Салемгареев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама