×

Үкімет отырысында жаңа министрлер ант берді

Өткен аптада 5 министр жаңадан тағайындалған еді

 Дәурен Ерболат 11.01.2023 | 09:45
Зүлфия Сүлейменова, фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында жаңа тағайындалған министрлер ант берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әділет министрі Азамат Есқараев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Экология және геология министрі Зүлфия Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ант берді.

«Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстан экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», - деді ант берген министрлер.

Одан бөлек, 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама