Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болады
«Қазгидромет» РМК 11 қаңтарда қатты аязға байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Түнде Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан елдімекендерінде қатты қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау облысында 30 градус қатты аяз болады деп болжанған.
Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болжанады. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында мол қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Шымкент қаласында кей уақытта тұман түседі.
Түнде Маңғыстау облысында 25 градус қатты аяз болады.
12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 40-41 градус қатты аяз болады.
12 қаңтарда түнде Улытау облысының шығысында 40 градус қатты аяз болжанды.
12-13 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-31 градус қатты аяз болады.
12-13 қаңтарда түнде Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз болады.