×

Бірнеше өңірде 40 градус аязға байланысты ескерту жарияланды

Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болады

 Халық үні 11.01.2023 | 08:12
Фото: centralasia.news

«Қазгидромет» РМК 11 қаңтарда қатты аязға байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Түнде Алматы облысының таулы және тау етегінде орналасқан елдімекендерінде қатты қар жауады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Алматы қаласында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау облысында 30 градус қатты аяз болады деп болжанған.

Ақтөбе облысының солтүстігінде 40-41 градус қатты аяз болжанады. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз болады.

Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында мол қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Шымкент қаласында кей уақытта тұман түседі.

Түнде Маңғыстау облысында 25 градус қатты аяз болады.

12 қаңтарда түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде 40-41 градус қатты аяз болады.

12 қаңтарда түнде Улытау облысының шығысында 40 градус қатты аяз болжанды.

12-13 қаңтарда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-31 градус қатты аяз болады.

12-13 қаңтарда түнде Жетісу, Алматы облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус қатты аяз болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама