Қарағандыдағы жарылыс: 1 адам 8-қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен
Жарылыстан үш адам қаза тапты
Қарағандыдағы 16 қабатты үйде болған жарылыс кезінде 1 адам 8-қабаттағы пәтердің балконынан құлап кеткен. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов айтты.
Оның сөзінше, төтенше жағдай кезінде үйдің тұрғыны 8-қабаттың балконынан құлап кеткен. Тұрғын ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс салдарынан 8-қабаттағы пәтерден секірген бір адам жарақат алды. Ол тірі, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір диагнозы және жағдайы нақтыланып жатыр, - деді Мұрат Қатпанов.
Сонымен қатар эвакуацияланған тұрғындарды қазір қонақүйлерге жеткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарғандыда 16 қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапқаны хабарланды.