Жетісу облысында 3 айлық сәби пышақ жарақатынан көз жұмды

Халық үні

Оқиға бүгін Жаркент қаласында болған

Фото: pixabay.com

Жетісу облысында жантүршігерлік оқиға болды. Панфилов ауданында үш айлық қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмды.

Оқиға бүгін Жаркент қаласында болған. 

Полиция департаменті жаға ұстатар жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі (жас адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді»,- деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пышақ жарақтын алған нәресте шұғыл ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады