×

Атырауда атыс болып, үш адам қаза тапты

29 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды

 Айнұр Асылбекқызы 16.03.2022 | 07:30
фото: ашық дереккөзден

Атырау қаласында атыс салдарынан 3 адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті.

15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыс салдарынан 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Ал 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді, – деді Атырау облыстық полиция департаменті.

Атырауда үш адамды атып өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға жеке бас араздығы салдарынан болған. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Атап өтсек, 15 наурызда кешке белгісіз біреу бір топ адамды автоматпен атып кеткен. Салдарынан 1995 және 1999 жылы туған үш жігіт қаза тауып, тағы біреуі жараланған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама