Жемқорлық: аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облысында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары жемқорлық қылмысы үшін ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовті ұстаған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.