×

Жоғалған әйел Алмаарасан тауларынан табылды

Турист тауға жалғыз өзі шыққан

 Динара Амантай 10.01.2023 | 12:35
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Үш күн бұрын жоғалған турист әйел Алмаарасан тауларынан табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауларға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеуді аяқтағаннан кейін, ол көлікке түсу кезінде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, шамалы қар көшкіні болған. Турист көшкінмен бірге «Проходная» өзеніне қарай сырғып түскен. Әйелдің айтуынша, ол қар астынан өз бетінше шығып, рюкзактың ішінен жатын дорбасын алып, құтқарушылар келгенше соның ішінде оранып жатқан.

9 қаңтарда сағат 5 шамасында ТЖМ «РЖҚЖ» ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түсті. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ 2 автомобильмен құтқаруға шықты. РЖҚЖ қызметкерлері туристті түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеді.

РЖҚЖ-дан басқа, бірнеше еріктілер ұйымы, соның ішінде «Доброспас» және «Лидер», сондай-ақ «Құтқару қызметі» қатысты. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды және барлық іздеу топтары берілген координаттарға қарай жылжыды. РЖҚЖ құтқарушылары барлық қажетті көмек көрсетіп, туристті «Проходное» шатқалына тасымалдауды бастады. Тасымалдау аяқталғаннан кейін зардап шеккен әйел АМО бригадасына берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама