Әкімдік астаналықтарға ескерту жасаған
Астанада күннің күрт сууына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды, деп хабарлады қалалық білім басқармасы.
2023 жылғы 10 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше де елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқыған еді. Сондай-ақ әкімдік ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғындарға ескерту жасаған болатын.