×

Коронавирус жұқтырғандардың саны өсті

2,4 науқас аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 10.01.2023 | 09:25
Фото: delfi.lt/ Vidmantas Balkūnas

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 120 адамнан коронавирус табылды.

10 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 414 адам COVID-19-дан (–2 267+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 2 151 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 14 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, кеше коронавирусты 105 адам жұқтырған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама