Коронавирус жұқтырғандардың саны өсті
2,4 науқас аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 120 адамнан коронавирус табылды.
10 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 414 адам COVID-19-дан (–2 267+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 2 151 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 14 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, кеше коронавирусты 105 адам жұқтырған болатын.