×

Қазақстанда 122 жол учаскесі жабық тұр

56 адам жылу орнына жеткізілді

 Дәурен Ерболат 10.01.2023 | 08:55
Фото: regnum.ru

Елімізде 122 жол учаскесі жабық, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Таңғы сағат 6.00-дегі мәліметке сәйкес, Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған. Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынды.

Бүгінде тек Қарағанды облысындағы жолда көліктер жиналған: Теміртау қаласынан шығар жолда 57 техника тұр.

Өткен тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды. Оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысында – 49 ересек адам мен 6 бала, Қостанай облысында – 7 ересек адам мен 5 бала).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама