Алматыда «Арлан» базарынан өрт шықты

Халық үні

Өрт екі сағатта оқшауланды

фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы «Арлан» ірі сауда орны өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

100 шаршы метр аумақта контейнерлер жанған.

Өрт 9 қаңтарда сағат 16:55-те болған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 16 бірлік техникасы, 60-тан астам қызметкері мен қалалық өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Нысан тоқтан толық ажыратылды.

Өрт сөндірушілерге жапсарлас орналасқан контейнерлердің тым тығыздығы кедергі келтірген. Контейнерлерді ашу үшін арнайы апаттық-құтқару құралдары қолданылды. Өрт екі сағатта оқшауланды. Базардағы басқа контейнерлер өрттен аман қалды.