Halyq Uni логотип
×

Шымкентте мәдениет саласының өкілдері басқарма басшысының үстінен шағымданды

Бірі қудалауға жиі ұшырайтынын, бірі өнер адамдарының мемлекет қолдауына мұқтаж екенін жеткізді

Шымкентте мәдениет саласының өкілдері басқарма басшысының үстінен шағымданды
фото: Halyq Uni

Шымкент қаласында бірқатар өнер адамы мәдениет басқармасына қатысты шағымын айтып, салаға бөлінген қаржы мамандарға тиісті деңгейде жетпей жатқанын айтты.

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова қалалық мәдениет басқармасына жаңа басшы келгелі «қолдау орнына қудалау» көріп жатқанын жеткізді.

Қудалау көріп жатырмыз деп толыққанды айта аламын. Егер бір тапсырма орындалмаса, дереу «сөгіс» дегенді естиміз. Жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ, - дейді кітапхана басшысы.

Ал, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий мәдениет басқармасын төрт рет сотқа беріп, бәрінде жеңілгенін жеткізді.

«Бұрын аз ақшаға көп шаруа бітіретінбіз. Қазір пандемия кезінде 20, 30, 60 млн теңгеден жұмсалып жатыр. Біз оның бір тиынын да көріп жатқанымыз жоқ. Шаралар театр ұжымының өз күшімен өткізіліп жатыр, музей және кітапханашылардың еңбегімен. Есесіне, миллиондар жұмсалды деп есеп беріліп жатыр», - дейді театр басшысы.

Мәдениет басқармасына басшы болып Ханзада Есенова келгелі ведомствоға қарасты 5 мекеменің басшысы қызметінен кеткен. Соның бірі - қалалық мәдениет үйінің директоры болған Сәкен Майғазиев. Ал, басқарма басшысы олардың бәрі өз еркімен қызметінен босатылғанын айтты.

«Қазір шаралар ауқымды түрде ұйымдастырылып жатыр. Пандемияға дейін бір күндік шараға 70 млн теңге жұмсалған. Ол кезде доллардың курсы қанша еді? Ал біз он күндік шара туралы (Наурыз – авт.) айтып отырмыз. Оған 170 млн теңге бөлінді», - дейді басқарма басшысы Ханзада Есенова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама