Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облысында болған жол апаты кезінде үш адам қаза тапты.
Өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 9 қаңтарда сағат 15:35-те орын алған. ZAZ Chance автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып King Long автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты.
Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Түпқараған ауданы ПБ ЕҚДБ-да "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырудағы ЖҚЕ бұзушылық" бойынша тіркелген.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.