Қостанай облысында 10 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды
Қылмыстық топ облыс тұрғындарына қатысты 12 қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді
Қостанай облысында бопсалаумен айналысып келген 10 адам күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аумағында ұзақ уақыт бойы бопсалаумен және өзге де қылмыс түрлерімен айналысып келген қылмыстық топты ұстаған.
Аталған басқармасының бастығы Серік Байғоновтың айтуынша, жедел шаралардың нәтижесінде өңірдің түрлі аумағында бопсалауға және басқа да қылмыс түрлеріне қатысы бар 10 күдікті ұсталды.
«Қылмыстық топ облыс тұрғындарына қатысты 12 қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Олардың арасында кәсіпкерлер де бар. Жалпы шығын 10 млн теңгеден асты. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.