×

Биыл Астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешені аяқталады

Әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар

 Динара Амантай 09.01.2023 | 17:27
Фото: @jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бірқатар құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тұрғындармен, оның ішінде үлескерлермен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Құрылысы ұзаққа созылған бірқатар ғимаратқа бардым. Өздеріңізге мәлім, әр нысанның өткен тарихы әртүрлі, олардың құрылысы бірнеше жылдан бері бітпей келеді. Мәселен «Ақерке-2» тұрғын үй кешенінің тіпті іргетасы да болмаған еді. Ал «Пана» тұрғын үй кешенінің құрылысы 8 жыл бұрын басталған. Осыған дейін әкімдік құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Дегенмен қалған нысандарды аяқтау міндеті де мойнымызда тұр. Бұл – 30-дан астам тұрғын үй кешені. Онда мыңдаған отбасы жылдар бойы баспанасын күтіп жүр. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысанды аяқтау бойынша өзіндік жоспары бар. Биыл осы нысандарды аяқтауды тапсырдым. Қаланы аралау барысында донор-нысандардың құрылысымен таныстым. Олар ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін салынған қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы мемлекет басшысының бақылауында, - деп жазды қала басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жеңіс Қасымбек үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешуге уәде берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама