Halyq Uni логотип
×

Петропавлда интернет-алаяқтықпен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды

Жасөспірім 300 мың теңгеге дейін қарызға ақша алып отырған

 Самат Жақып 15.03.2022 | 17:48
Петропавлда интернет-алаяқтықпен айналысқан мектеп оқушысы ұсталды
көрнекі фото

Петропавлда интернет-алаяқтықпен айналысқан 16 жастағы мектеп оқушысы ұсталды. Жасөспірім ВКонтакте әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, қыздармен танысқан. Артынан олардан 300 мың теңгеге дейін қарызға ақша алып отырған. Бірақ алған қарызын сол күйі қайтармаған. Аталған фактіге қатысты соңғы кездері полицияға бірнеше арыз түскен.

Криминалдық полиция қызметкерлері парақша иесін анықталды. Ол логинін жиі ауыстырып, интернеттен кездейсоқ суреттерді жүктеп отырған. Кәмелеттік жасқа толмаған бала ата-анасының кепілдігімен босатылды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бүгінгі таңда істе 4 эпизод бар. Тәртіп сақшылары жәбірленушілердің санын нақтылау бойынша әлі де жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама