×

Украина авиациясы Ресей әскерлері шоғырланған жерлерге әуеден соққы берді

РФ бұл ұрыста жеңіліске ұшырағанын мойындады

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2023 | 15:36
фото: ашық дереккөз

Украина авиациясы Ресей әскерлері шоғырланған аудандарға 10 мәрте соққы жасап, екі рет зенитті-ракета кешенімен атқылады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Украина Қорғаныс күшінің ракета және артиллерия әскерлері бөлімшелері өз кезегінде оккупанттардың адам күштері жиналған екі аудан мен жанар-жағармайлары қоймаларына күйрете соққы берді, – делінген Бас штабтың мәліметінде.

Бұдан басқа, украин жауынгерлерінің тәулікте жаудың үш БПЛА-сын, дәлірегі «Орлан» дронын, үш тікұшағын атып түсіргені айтылады. Тікұшақтардың бірі – Ми-24, екіншісі – Ка-52, ал үшіншісінің маркасы анықталып жатыр.

Украин әскерлері осы күні Донецк облысының Бахмут қаласы түбінде басқыншылардың бір тірек бекетін басып алды.

Ресей әскері түні бойы сол бекетті қайтарып алу үшін жанталасты, – деп атап көрсетті штабтағылар.

Алайда дұшпан алдында тастап шыққан позициясына қайтып орала алмаған. Осы шайқаста украиндар 18 жауды жер жастандырып, 24-ін жаралаған.

«ДХР» деп аталатын мойындалмаған құрылым әскери бөлімшесінің бұрынғы командирі Игорь Гиркин-Стрелков Украинадағы барлық майдан шептерінде кескілескен шайқастар жүріп, артиллериядан атқылаудың ерекше қарқын алғанын айтты. Ол РФ әскерлерінің бұл ұрыста жеңіліске ұшырағанын мойындады.

Украина «Хаймарстарының» біздің Мелитопольдегі әскери қоймаларымызды екі рет астаң-кестең еткені туралы мағлұматтар бар, – деп жазды ол.

Мелитопольдің басшысы Иван Федоров бұдан бұрын жау басып алған Мелитопольдегі «Гидромаш» зауытына жақын жерде жарылыстар болғанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама