Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады
Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжып жатыр. Осыған байланысты қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады.
Ауа температурасы батыста түнде -27-35, күндіз -15-25 градус аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде -12-23, күндіз -5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде -32-40 градусқа дейін, күндіз -27-35 градусқа дейін аяз болады.
Орталықта негізгі фон түнде -35-40, өңірдің оңтүстігінде -25-30 градус аяз, күндіз -20-30 градус аралығында аяз, шығыста ауа температурасы түнде -20-33 градус аяздан 30-43 градус аязға дейін, күндіз 15-23 градус аяздан 23-33 градус аязға дейін барады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -10-20 градус аяздан -20-31 градус аязға дейін, күндіз -8-16 градус аяздан -12-23 градусқа дейін төмендейді.