Әкімдік астаналықтарға ескерту жасады
Алдағы күндері аяз күшейеді
Елордада ауа температурасы 30 градустан төмендеп, көктайғақ болады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары мен қонақтары жарақат алу, үсік шалу секілді жағдайларға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағаны және далада ұзақ уақыт болмағаны жөн, - деп жазылған хабарламада.
Елордалықтар мен қала қонақтары тайғанап құлап, жарақат алмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Көлікті басқару кезінде жылдамдық режимі мен қашықтықты қатаң сақтау маңызды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы уақытта күн қатты суытады.
9 қаңтарда қалада көктайғақ болып, солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел соғады, ал түнде оның екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз минус 24-26 градус аяз болады.
10 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ауа температурасы 30-32 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.
11 қаңтарда қар жауады. Түнде ауа температурасы минус 33-35 градус, ал күндіз минус 25-27 градусқа дейін төмендейді.
Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.