Максим Споткай Сенат аппаратын басқарады

Дәурен Ерболат

Ол түрлі мемлекеттік қызметті атқарған

Фото: assembly.kz

Сенат аппаратының басшысы қызметіне Максим Споткай тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Максим Споткай 1991 жылы туған. Жоғары білімді, мамандығы – инженер-менеджер. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

«Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының міндетін атқарушы, «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры болған.

Сондай-ақ Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директордың орынбасары, Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Сенат аппараты басшысының орынбасары болған.