×

Украина алғаш рет Батыстың қазіргі заманғы үздік танктерін алады

Жаңа әскери көмек пакетінде 50-ге жуық Bradley бар

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2023 | 12:14
фото: ашық дереккөз

Батыс елдерінің лидерлері соңғы бірнеше күн бойы кеңесіп, Украинаға осы заманғы озық танктерін беретін болып шешті. Бұл туралы The Moscоw Mews хабарлады.

Батыс елдерінің лидерлері соңғы бірнеше күнде Украинаның шабуылға шығуы үшін қажетті техникаларды, соның ішінде қазіргі заманғы танктерді беруге уәде етті, – делінген хабарламада.

АҚШ президенті Джо Байден Пентагонның Киевке Bradley жаяу әскерлер машинасын, сондай-ақ украин армиясының көктемде ұрыс қимылдарын қыздыруға дайындауға қажетті басқа да қару-жарақтарды жеткізіп бергелі отырғанын айтты.

Жаңа әскери көмек пакетінде 50-ге жуық Bradley бар, – деп жазды Reuters.

АҚШ-тың Украинаға бұдан бұрын берген M113 қондырғысынан жылдам да маневрлі Bradley-дің айырмашылығы, ол 25 миллиметрлік зеңбірекпен және танкіге қарсы TOW ракетасымен жарақтандырылған. Олар Ресейдің БМП-лары мен Т-72 танкілеріне қарсы тұрады деп есептеліп отыр.

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға AMX-10 RC жеңіл танкілері, сондай-ақ Bastion бронетранспортерлері берілетінін айтты. Ал Германия канцлері Олаф Шольцтің әкімшілігі БМП-ның көне моделі – Marder жіберілетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама