Әділет вице-министрі қызметінен босатылды
Алмат Мадалиев 2019 жылдың наурызынан бастап Әділет вице-министрі қызметін атқарды
Үкімет қаулысымен Алмат Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әділет вице-министрі қызметінен босатылды.
Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон университеті жанындағы Ззаң мектебін (АҚШ) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастаған.
2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2010 жылғы қазан айынан бастап Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.
2019 жылдың наурыз айынан бастап – Әділет вице-министрі.