Бүгін 6 өңірде автожолдардың 16 бөлігі ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
Ұлытау облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы;
Қарағанды облысында:
- «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының Қарағандыдан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
- «Бастау-Ақтау-Теміртау» тасжолының Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін.
Павлодар облысында:
- «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
- «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
- «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығы.
Қостанай облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі аралығы ашық.
Абай облысы:
- «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейінгі аралығы;
- «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка (ШҚО) ауылынан Семей қаласына дейін (Абай облысы).
Ақмола облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Державинскке дейін;
- «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Державинсктен Сурган ауылына дейін;
- «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының Қостанай облысы шекарасынан Сурган ауылына дейін;
- «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жақсы ауылынан Атбасарға дейін;
- «Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Жақсы ауылынан Бузулук ауылына дейінгі аралық.
Айта кетейік, бұған дейін 9 облыста жолдар жабылғаны хабарланған еді.