×

ҰҚК ірі есірткі зертханасын анықтады (ВИДЕО)

Онда жұмыс істеген күдіктілер іздестіріліп жатыр

 Дәурен Ерболат 09.01.2023 | 09:01
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында ҰҚК мен ІІМ бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлады Polisia.kz.

7 қаңтарда Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдіктіні ұстады.

Есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан аса химиялық реактив табылып, тәркіленді.

Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Бүгінде синтетикалық есірткі өндірісіне қажет жабдықтарды жеткізу арнасы және басқа да сыбайластарды анықтайтын тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама