ҰҚК ірі есірткі зертханасын анықтады (ВИДЕО)
Онда жұмыс істеген күдіктілер іздестіріліп жатыр
Алматы облысында ҰҚК мен ІІМ бірлескен арнайы операциясы барысында ірі есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлады Polisia.kz.
7 қаңтарда Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдіктіні ұстады.
Есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан аса химиялық реактив табылып, тәркіленді.
Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Бүгінде синтетикалық есірткі өндірісіне қажет жабдықтарды жеткізу арнасы және басқа да сыбайластарды анықтайтын тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.