ММА жас жұлдызы 18 жасында өмірден өтті
Оның неден қайтыс болғаны белгісіз
ONE Championship лигасының жас жұлдыздарының бірі Виктория Ли 2022 жылдың 26 желтоқсанында 18 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы оның әпкесі Анджела Ли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды bassport.kz.
Жекпе-жек шеберінің неден қайтыс болғаны айтылмаған.
Ол өмірден тым ерте кетті. Отбасымызда орны ойсырап тұр. Біз оны қатты сағындық. Енді отбасымыз, өміріміз ешқашан бұрынғыдай болмайды, - деп жазды Анджела Ли.
Виктория Ли 14 қаңтарда ONE on Prime Video 6-да жекпе-жек өткізуі керек болатын. Кәсіпқой ММА-де ол 2021 жылы дебют жасап, содан бері үш жеңіске қол жеткізген. Оның әпкесі Анджела мен ағасы Кристиан да ONE Championship чемпионы атанған.