×

Маңғыстауда мектеп оқушысын көлік қағып кетті – видео

Көлік жүргізушісіне ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін

 Халық үні 15.03.2022 | 16:30
скриншот: видео

Маңғыстау облысында жолдан өтіп бара жатқан екі оқушы қыздың бірін көлік қағып кетті. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға 14 наурызда Маңғыстау ауылында болған. Алты жасар оқушы қыз рұқсат етілген жердегі жолдан өтіп бара жатқан. Ал Opel Vectra мінген жүргізуші алдындағы көліктердің тоқтағанына қарамай, қарсы жолаққа шығып, қатты жылдамдықпен мектеп оқушысын соққан.

Зардап шеккен оқушы қыз аудандық ауруханаға жеткізілген. Оған медициналық көмек көрсетіліп, артынан үйіне жеткізілген.

Ал көлік жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабы, 2-тармағы және 611-бабының 2 тармағы бойынша жауапқа тартылды. Оған ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама