Абай облысында боранда жоғалып кеткен отбасы табылды

Халық үні

1 отбасы (3 адам) тауға серуенге шығып, қалың қар мен боранның салдарынан хабарсыз кеткен

Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысының Үржар ауданында жоғалып кеткен отбасы табылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, Үржар ауданы Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта 1 отбасы (3 адам) тауға серуенге шығып, қалың қар мен боранның салдарынан хабарсыз кеткен.

«Адамдардың жоғалып кеткені туралы отбасының таныстары хабарлағаннан кейін аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар мамандары мен «Тарбағатай» ұлттық паркінің қызметкерлерінен құрылған арнайы құтқарушылар тобы іздеуге аттанған. Құтқарушылар тобының жедел әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған адамдар табылды», – делінген хабарламада.