9 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Халық үні

Республикалық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Фото: egemen.kz

Еліміздің 9 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың бөліктері жабылды.

Бұл туралы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

«Сағат 22:30 ақпаратқа сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Тасжолдар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жабылды»,-делінген хабарламада.