Halyq Uni логотип
×

Боранда қалып қойған 23 жолаушы құтқарылды (ВИДЕО)

Қоғамдық көліктің әйнек тазалағыштары істен шыққан

 Халық үні 08.01.2023 | 20:55
Боранда қалып қойған 23 жолаушы құтқарылды (ВИДЕО)
Фото: ТЖМ

Ұлытау облысында тасжолда тұрып қалған автобустан 23 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство мәліметінше, бүгін 23 жолаушысы бар автобус Жезқазған – Ұлытау тасжолында тұрып қалған.

Жезқазғаннан шыққан қоғамдық көлік ауа райының қолайсыздығына және техникалық ақауға (әйнек тазалағыштары сынған) байланысты межелі жерге жете алмады.

Ұлытау облысы ТЖД және ПД қызметкерлері барлық жолаушыны Ұлытау ауылына жеткізді.

Адамдарды құтқаруға Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (вахтовка) берілді. Жолаушыларға медициналық көмек керек болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама