Ер адамды 11 құтқарушы іздеп жатыр
Атырау облысында Жайық өзеніндегі мұзға түсіп кеткен балықшы үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлады «Мой город».
5 қаңтар сағат 11:14-те Жұмыскер кентінде 2 адамның өзендегі мұздың астына түсіп кеткені туралы ақпарат түскен.
49 жастағы ер адам бірден құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Ал 48 жастағы балықшы әлі іздестіріліп жатыр.
Іздеу жұмыстарына 11 құтқарушы, 2 техника мен бір жүзу құралы жұмылдырылған.
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері тұрғындарды мұзда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.