Херсон облысынан Ресейге 100 мың адамды мәжбүрлеп көшіру үшін қосымша 175 млрд рубль бөлу көзделген
Ресей Үкіметі мемлекеттік компаниялардан, көмір және тыңайтқыш өндірушілерден көбірек ақша алуға тырысады, деп хабарлады Bloomberg.
Бұл туралы желтоқсанның ортасында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин дайындаған құжатта айтылған. Агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, Ресей билігі мемлекеттік компанияларға таза пайданың 50%-дан аса мөлшерінде дивидендтер белгілеуді көздеп отыр және бұл шара тұрақты емес, бір реттік болуы мүмкін.
Ол жағы енді 2022 жыл қорытындысы бойына бюджет тапшылығының көрсеткішіне байланысты болмақ. Сонымен қатар, бюджет шығыстарын қысқартудың арқасында кемінде 150 миллиард рубль үнемдеу жоспарланған. Атап айтқанда, білім мен медицинаға жұмсалатын қаржы қысқартылуға тиіс.
Алынған қаражат соғыс шығындарын жабуға жұмсалады және құжатта Херсон облысынан Ресейге 100 мың адамды мәжбүрлеп көшіру үшін қосымша 175 миллиард рубль бөлу туралы айтылған.
Ресей Үкіметі мен Қаржы министрлігі Bloomberg сауалына жауап бермеген. Агенттік мұны Ресейдегі жаңажылдық мерекелермен байланыстырады.