«Жүрегім айнитын болды». Америкалық нокаутшы Әлімханұлын менсінбей сөйледі
Ана бір жігіттің (Бентли) кім екені де белгісіз, сонымен 12 раунд арпалысты, - дейді
Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) неге жұдырықтаспағанын айтты, деп хабарлады Vesti.kz.
«Өмір бойы міндетті қарсыластармен айқасып келемін. Мұндайдан жүрегім айнитын болды. Одан да бізге керек жекпе-жектер ұйымдастырайық, түсінесіз бе?
Әлімханұлымен айқастың сыйы қандай? Ана бір жігіттің (Бентли) кім екені де белгісіз, сонымен 12 раунд арпалысты. Енді маған осындай бір боксшыларға уақытыңды құрт деп отырсыңдар ма?
Мен өз буынымның боксшыларымен айқасқым келеді. Мәселен, Чарло, Плант, Головкин, «Канело», Мунгия. Міне, осы жігіттер менің қатарым, ана бір Жәнібек емес!» - деді Деметриус Андраде.