Гректер Түркиямен арадағы шекараға 140 шақырымдық болат тосқауыл орнатып жатыр
Полицейлер былтыр шекарадан заңсыз өткен 256 мың азаматты ұстаған
Грекия шекарадан заңсыз өтудің алдын алу үшін Түркиямен арадағы шекараға, яғни Мерич өзені маңына ұзындығы 140 шақырым болатын болат тосқауыл орната бастады.
Бұл туралы Грекияның Азаматтарды қорғау министрі Такис Теодорикакос SKAI TV телеарнасында мәлімдеді. Оның айтуынша, грек полицейлері былтыр шекарадан заңсыз өткен 256 мың азаматты ұстаған. Сондықтан Афины бұл аймақта торуылдау және бақылау шараларын қатаңдату керек деген шешімге келіп отыр.
Сонымен қатар, былтыр 29 желтоқсанда Түркия ӘТК ұшу аппараты да өз аумақтарына жататын бөлікке заңсыз мигранттары бар кеменің кіріп жатқан сәтін түсіріп алған. Чешме курорттық ауданынан оңтүстік-батысқа қарай Измир провинциясында болған бұл фактіні Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі тіркеп алған көрінеді.
Заңсыз мигранттар мінген кеме Түркия жағалауынан 3,62 миль қашықтықтағы түрік аумағындағы өзенге айдап жіберілді, - деп хабарлады ведомство.