Олардың өлімінің себептері айтылмаған
Осыдан бір және екі жыл бұрын Петропавл мен Шымкентте жоғалып кеткен екі ер адам мен Шығыс Қазақстан облысында былтыр тамызда із-түзсіз кеткен 3 баланың анасы өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілерінің Instagram-дағы парақшасына жарияланды.
Алдымен 2020 жылдың ақпанында Петропавлда 1977 жылы туған Сергей Денисов белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Ол теміржол вокзалының жанындағы жергілікті SV plus жатақханасында тұрған.
Одан кейін 2021 жылдың сәуірінде 1989 жылы туған Сергей Орлянский Шымкенттегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Сондай-ақ 2022 жылдың 12 тамызында 46 жастағы Сәния Садықова жоғалып кеткен болатын. Үш баланың анасы кешкі уақытта Өскемендегі жұмысынан жалақысын алып, облыс орталығынан алыс емес Бозанбай ауылындағы үйіне кеткен. Одан кейін әйелді көрген-білген ешкім болмаған.
Осылайша, 2020, 2021, 2022 жылдары хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның өлімі 2023 жылдың басында бір-ақ белгілі болып отыр. Ал олардың өлімінің себептері айтылмаған.