Қазір адам өліміне әкелген апаттың барлық мән-жайы анықталуда
Талдықорған жанындағы айналма жолда шетелдік көлік жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Ер адамдар оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы - Өскемен тас жолының 263-шақырымында Nissan Cefiro автокөлігінің қатысуымен болған.
«Шетелдік көліктің 33 жастағы жүргізушісі екі ер адамды басып кетіп, олар оқиға орнында бірден көз жұмды», - деп хабарлады полиция.
Полиция мәліметінше, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір адам өліміне әкелген апаттың барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалып, көлік арнайы тұраққа қойылған.