Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде
Шымкентте қатыгездікпен кісі өлтіру орын алды. 7 қаңтарға қараған түні Қазанқап ақын көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Қайғылы оқиға кезінде марқұмның жанында жұбайы болған. Оның айтуынша, ер адам түнде дүкенге темекі алу үшін шыққан. Қайтар жолда екі белгісіз адам оның соңынан аңдып, кейінірек пәтерге басып кірген. Содан кейін шабуылдаушылар ерлі-зайыптыларды кезекпен ұра бастаған, ақша мен ұялы телефондарын беруді талап еткен. Оқиғадан кейін екі адам (жәбірленушінің сипаттамасына сәйкес бірі славян, екіншісі азиялық келбетті) оқиға орнынан таксимен қашып кеткен.
Алған жарақаттарынан 42 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде қайтыс болды. Куәгерлік ету үшін әйел Еңбекші аудандық ІІБ-не жеткізілді. Оның айтуынша, пәтер жақында сатып алынған, онда жөндеу жұмыстары жүргізілген, жұбайы вахталық әдіспен жұмыс істеген.
Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда, полиция департаментінде жағдай туралы әлі түсініктеме берілген жоқ.