×

Шымкентте 42 жастағы ер адамды өз пәтерінде өлтіріп кетті (ВИДЕО)

Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде

 Халық үні 07.01.2023 | 19:40

Шымкентте қатыгездікпен кісі өлтіру орын алды. 7 қаңтарға қараған түні Қазанқап ақын көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Otyrar.kz. 

Қайғылы оқиға кезінде марқұмның жанында жұбайы болған. Оның айтуынша, ер адам түнде дүкенге темекі алу үшін шыққан. Қайтар жолда екі белгісіз адам оның соңынан аңдып, кейінірек пәтерге басып кірген. Содан кейін шабуылдаушылар ерлі-зайыптыларды кезекпен ұра бастаған, ақша мен ұялы телефондарын беруді талап еткен. Оқиғадан кейін екі адам (жәбірленушінің сипаттамасына сәйкес бірі славян, екіншісі азиялық келбетті) оқиға орнынан таксимен қашып кеткен.

Алған жарақаттарынан 42 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде қайтыс болды. Куәгерлік ету үшін әйел Еңбекші аудандық ІІБ-не жеткізілді. Оның айтуынша, пәтер жақында сатып алынған, онда жөндеу жұмыстары жүргізілген, жұбайы вахталық әдіспен жұмыс істеген. 

Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның  мән-жайы нақтылануда, полиция департаментінде жағдай туралы әлі түсініктеме берілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20