×

ШҚО-да бірден үш қар көшкіні болды

Жол учаскелері жабылды

 Динара Амантай 07.01.2023 | 16:30
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда бірден үш көшкін өздігінен түсіп кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша, 7 қаңтарда сағат 7:30 - да «Алтай-Богатырево» жергілікті маңызы бар автожол учаскесінде (36 км.) және осы учаскенің 37-ші км-де жалпы көлемі 3500 текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.

Сондай-ақ 9 сағат 50 минутта «Алтай-Путинцево» (37 км) автожолында көлемі 3700 текше метр көшкін түсті.

Жол учаскелері жабылды. Зардап шеккендер мен бүлінген ғимарат жоқ. Қазір жолдар жол қызметтерінің күшімен тазартылып жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтар мен туристерден қарлы беткейлерге шықпауды және қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан тау учаскелерінің жанынан өтпеуді, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Өңірде бірнеше күн бойы көшкін қаупі сақталады, бұл туралы құтқарушылар бірнеше күннен бері халықты хабардар етіп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама