Halyq Uni логотип
×

Қазақ, қырғыз, өзбек елдері электр стансасын бірге салатын болды

Қамбарата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясы болмақ

 Динара Амантай 07.01.2023 | 16:03
Қазақ, қырғыз, өзбек елдері электр стансасын бірге салатын болды
Фото: gov.kz

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық ведомстволарының басшылары Қамбарата ГЭС-1-ді бірлесіп салу туралы уағдаласты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтарда Бішкек қаласында министр Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойған.

Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы уағдаласты және электр станциясын уақтылы пайдалануға беру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.

Қазақстанның жобаға қатысуы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылады.

Қамбарата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясы болмақ. Бұл Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге және өңірдің сумен қамтамасыз етілуін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама